Экономикалық өсім және жұмыспен қамту мәселелері қамтылған семинар өтті

«Экономикалық өсім және жұмыспен қамту: еңбекке сұранысты ынталандыру үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясаты» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Семинарға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Айгерім Алиева қатысты. «Жұмыс орындарын құру арқылы ТМД елдеріндегі экономиканы қалпына келтіру тәсілдері» атты вебинарлар сериясы үкіметтерге, жұмыс берушілер мен жұмысшылар ұйымдарына, академиялық топтарға және практиктерге ХЕҰ-ның еңбек нарығын талдауға және оның заманауи халықаралық стандарттарға сәйкестігіне, сондай-ақ қалай жұмыс істейтінін жақсырақ түсінуге көмектеседі. Осылайша, бұл стандарттар жұмыспен қамту саясатын қайта қарауға ықпал етеді.

Вебинарда негізгі талқыланған тақырып – жұмыс күшіне сұранысты ынталандыратын жұмыспен қамту саясаты және экономикалық өсу мен жұмыс орындарын құру арасындағы байланыс болды. Аймақтық үрдістерді талдау үшін Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Армения және Грузия мысалдары ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушыларға Халықаралық еңбек конференциясының 109-шы сессиясында қабылданған COVID-19 дағдарысынан адамға бағытталған қалпына келтіру үшін әрекетке жаһандық шақыру ұсынылды.