Кәсіподақ – қауіпсіз еңбек үшін

ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастыруымен ХЕҰ №190 конвенциясын қолдануды ілгерілету және ратификациялауға байланысты мәселелерді талқылау жөніндегі халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева модераторлық жасап, конвенцияны ілгерілетудегі қазақстандық кәсіподақтардың басымдылық бағыттарын атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Халықаралық Еңбек Ұйымының, Өзбекстан республикасы кәсіподақтар Федерациясы, Тәжікстанның тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы өкілдері мен Қазақстанның өңірлері кәсіподақтары қатысты. Онлайн дөңгелек үстел барысында еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысым көрсетуді жою туралы конвенцияның елдерде ратификациялануы жолындағы сын-тегеуріндер, құжаттың маңыздылығы, жұмыс берушілермен мәселе төңірегіндегі диалогтың қажеттілігі мен кәсіподақтардың оны ілгерілетудегі белсенділігі жайы талқыланды.