Кәсіподақ өкілдері медиация тақырыбында өткен семинар-тренингке қатысты

“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “МИР” Өңіраралық Медиация орталығы” жеке мекемесі “Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиация институтын қолдану” әлеуметтік мемлекеттік жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 24 қарашада “Конфликтология және медиация” семинар-тренингін ұйымдастырды.

Семинар-тренингке Павлодар облысының салалық кәсіподақ бірлестіктерінің бастауыш, жергілікті филиалдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның спикерлері психология ғылымдарының докторы, Phg докторы, Халықаралық психология ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі  Наталья Фисенко мен Құралай Алина болды.

Семинар-тренинг аясында қатысушылар конфликтология және татуластыру рәсімдері, келіссөздер процесі және медиация дағдыларын алды.

Еңбек дауын бейбіт жолмен шешу үшін сан алуан мүмкіндіктерді іске асыру Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің татуластыру орталығы жұмысының мақсаты болды, онда азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетіледі және медиация рәсімі жүргізіледі. Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі келісу комиссияларының мүшелерін еңбек заңнамасының негіздеріне және келіссөздер жүргізу дағдыларына оқыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.