Еңбек дауларын сотқа дейін шешу – медиацияның бір түрі

2021 жылғы 26 қарашада Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Татуластыру орталығының басшысы, кәсіби медиатор, сот жүйесінің ардагері М.Иванова Павлодар облысы Шарбақты аудандық соты ұйымдастырған диалог алаңында “Еңбек дауларының алдын алу” тақырыбы бойынша кәсіподақтардың татуластыру орталығының қызметі туралы айтып берді.

Талқылауға Шарбақты аудандық соты төрағасының м.а. С.Сәдуақас, кәсіби емес медиатор Т.Яловенко, “Шарбақты аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы” ҚБ филиалының төрайымы А.Сыздыкова, “Победа” ЖШС өкілі Н.Афанасьев, “Ертіс орманы” МОТР” РММ заңгері М.Есумқанов, Павлодар облысының әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының “Шалдай психоневрологиялық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ заңгері Л.Чече-оглы және Шарбақты аудандық ауруханасының заңгері А.Негманова қатысты.

Еңбек дауларын соттан тыс (медиация) және сотқа дейінгі (келісім комиссиялары) қарау қажеттілігі туралы, еңбек даулары бойынша азаматтық істерді қараудың сот тәжірибесіне сүйене отырып, Шарбақты аудандық соты төрағасының м. а. С.Сәдуақас сөз сөйледі.

Диалог алаңына қатысушылар азаматтардың білікті заң көмегін, медиация және татуластыру келіссөздері бойынша қызметтерді алуы, еңбек дауларын сотқа дейін және соттан тыс сапалы және тез шешу үшін келісім комиссиясы мүшелерін оқыту туралы қажетті мәселелерді талқылады.