Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

2021 жылғы 25 қарашада “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы шеңберінде Павлодар облысы аумақтық бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы қауіпсіздік және әйелдерді зорлық-зомбылықтың барлық нысандарынан қорғау мәселелерін қарады.

“Кәсіподақтар зорлық-зомбылық пен қысымшылықтан азат еңбек саласын, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрін жоюды, жеке адамның бостандығы мен қол сұғылмаушылығын қолдайды”, – деп атап өтті Р.Даумова.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова өз сөзінде:
“Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні” республикалық акциясы 1999 жылдан бастап жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Акция 10 желтоқсанда адам өміріне, бостандығына және жеке басына қол сұғылмаушылыққа адам құқықтары халықаралық күнінде аяқталады. Павлодар облысының еңбек ететін әйелдер істері жөніндегі комиссиясының қызметі қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерді қолдау бойынша белсенді іс-қимылдарға бағытталған.

Павлодар облысының аумақтық бірлестігін “Павлодар қалалық балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы” КММ-мен көпжылғы ынтымақтастықтың оң тәжірибесі  байланыстырады, тұрақты құқықтық қолдау көрсетіледі, “Отбасылық ХҚКО” консультациялары өткізіледі. Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы жұмыс істейтін көпбалалы аналарды, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдау бойынша көп жоспарлы жұмыс жүргізуде”, – деп атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар – өңір кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының өкілдері болып табылатын еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері әлеуметтік қолдауға мұқтаж әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және оларға көмек көрсету бойынша қоғамдық жұмыс тәжірибесімен және кәсіби құзыреттерімен алмасты.