Кәсіподақ ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарада бір топ еңбек ардагерлерін құттықтады

Мерекеде ҚР Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалы ауыл шаруашылығы саласының озаттары мен ардагерлерін марапаттады.

Ауыл шаруашылығы саласында бүгін өңірде 34 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жылына ауыл шаруашылығы саласында шамамен мыңға жуық шаруашылық ашылады. 2021 жылы 861 қожалық құрылды.

Ақтөбеде бастауыш кәсіподаққа мүше ауыл шаруашылығы еңбьеккерлерінің де қатары артып келеді.

«Құрметті ардагер» медалімен Мұғалжар ауданының тұрғыны Жылқайдар Қонақбаев, «Елеулі еңбегі үшін» медалімен Жетпісбай Нұрсейітов, 1-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен Марина Коломойцева , 2-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен Мәлік Иманалин т.б. марапатталды. Жалпы барлығы 12 адам құттықтауға ие болды.