«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтті.
Үйлестіру кеңесінің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ағымдағы жылдың 18-22 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған делегация Халықаралық еңбек ұйымының Женевадағы штаб-пәтерінде және Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Брюссельдегі кеңсесінде жұмыс сапары аясындағы кездесулері айтылды, ал күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 2021 жылдың 10 қараша күні Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында үш мемлекеттің ірі кәсіподақ бірлестіктерін біріктіру туралы ортақ шешімімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қудратулла Рафиков және Тәжікстан Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы Маликшо Нематзодамен Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесін құру туралы хаттамаға қол қойылғаны талқыланды.
Үйлестіру кеңесі сұрақ жауаппен аяқталды.