Өнерімді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!

Павлодар қаласында Павлодар облысының білім беру қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Өнерді саған арнаймын, Тәуелсіз елім!” байқауы өтті.

Байқауға Павлодар қаласы, Аққулы ауданы, Шарбақты ауданы, №7 арнайы мектеп-интернаты, №1 балабақша-мектеп-интернаты арнайы кешенінің ұжымдары қатысты.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: вокал, хореография, аспаптық ансамбль.

“Вокал” номинациясында қазылар алқасы екі үздік ұжымды анықтады, олар Павлодар қаласының педагогтары және №1 арнайы мектеп-интернаты болды. “Хореография” номинациясы бойынша Павлодар қаласы мен №7 арнайы мектеп-интернатының ұжымдары, “Аспаптық ансамбль” номинациясы бойынша Аққулы ауданының ұжымы жеңімпаз атанды. Облыстық байқаудың барлық қатысушылары іріктеу кезеңіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Одан кейін байқау эстафетасын Ақсу және Екібастұз қалаларының білім беру ұйымдары қабылдайды.