ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз ел болып қалыптасуымыздың маңызды кезеңін айқындайтын мерекенің тағылымы терең.
Осыдан 30 жыл бұрын біз тәуелсіз ел ретінде төл тарихымызда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өткізіп, өз еркімізбен Тұңғыш Президентімізді сайладық.
Тәуелсіздікті қалыптастыру, тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекіту Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Бүгінде Қазақстан кемеліне келіп, бүкіл дүние жүзі мойындаған беделді елдердің қатарына қосылды.
Тұңғыш Президент күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанға сіңірген ерен еңбегінің бағасын еселей түсетіні анық.
Мемлекетіміздің мерейін өсіретін мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, ел игілігі жолындағы абыройлы істеріңізде мол табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин