Тұңғыш Президент күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі медицина қызметкерлеріне сый жасады.
Тұңғыш Президент күнінің тойланып келе жатқанына он жылдың жүзі болды. Атаулы мерекенің еліміз үшін маңызы зор екендігі аян. Бүгінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемнің озық елдерінің қатарынан орын алды.
Атаулы мереке күні еліміздің өркендеп, өсуі үшін аянбай тер төгіп келе жатқан мамандардың еңбегі еленетін күн.
Айтулы күннің құрметіне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі медицина мамандарына оқулықтар тарту етті.
«Қазақ медицина негізін салушылар мен көрнекті ғалымдары» атты үш тілдегі оқу құралы барлық медицина мекемелерінің басшыларына және ұйымдастырушыларына арналған. Оқу құралында отандық медицинаның қалыптасу тарихы мен оған ерекше еңбек сіңірген тұлғалары, ұйымдастырушылары мен ғалымдары баяндалған.
Мемлекеттік тілде тарту етілген «Клиникалық токсикология» оқулығында практикалық клиникаға қажетті жедел көмектің алгоритмдері мен антидоттары толық қамтылған. Бұл оқулық қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыптардың бірі – уланған адамдарға диагностика қойып, оларды емдеу әдісімен танысып, кәсіподақ мүшелері өздерінің маңызды сұрақтарына жауап ала отырып, кәсіби тұрғыда қызметте пайдалана алады.
Бұл оқулықтар 45 бастауыш кәсіподақ ұйымдарына табысталды.
Еліміздің кәсіподақтар қозғалысы үшін ерекше маңызды «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы бойынша кездесулер ұйымдастырылып, бүгінгі күнде 45 бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен онлайн-оффлайн кездесулер жүргізілді. Кездесулердің басты мақсаты – кәсіподақ мүшелерімен «кері байланыс» жасау. Бастауыш кәсіподақ мүшелері тарапынан түскен ұсыныстарды жұмыс тобы жоспар бойынша қарастырылатынын жеткізді.
Іс-сапар барысында аудандық аурухананың ұжымы өз сөздерінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, мекемеге кәсіподақ тарапынан тарту етілген сыйлыққа алғыс айтып, ұжымның алдағы істеріне сәттілік тіледі.