Елімізде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акция аясында іс-шаралар бастау алды. Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, тоқтату және онымен күресу. Осы орайда Төлеби ауданындағы «Мейір-Бейс» жоғары колледжі» ЖШС-де «Зорлық-зомбылықсыз 16-күн» атты шара өткізілді.
Жиынға «Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, Төлеби ауданы прокурорының орынбасары Сейдахмет Мүсіров, Төлеби АПБ «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының» аға инспекторы Ақмарал Боташева, Ленгер қалалық емханасының «Алдын-алу психо-әлеуметтік көмек бөлімінің» бас маманы Зарина Кулжанова, Төлеби аудандық жастар ісі бойынша маман, «Нұр» мешітінің өкілі Әсет Бекмуратов, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» сектор меңгерушісі Қуанышбек Омаров қатысты.
Іс-шарада отбасындағы әйелдерге қатысты орын алып жатқан зорлық-зомбылық жағдайлары, себептері, оның алдын-алу және оны жоюы туралы айтылды. Сондай-ақ отбасы жағдайын жақсарту мақсатында қоғамда белең алып отырған келеңсіздіктің алдын алу мақсатында не істеу қажеттілігі мәселелері де талқыланды. Осындай маңызды да тағылымы мол жиынның келешек ұрпақ пен жастар үшін тигізер пайдасы зор болмақ.
Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ашық әңгіме жүргізіп, сұрақ-жауаппен аяқтады.