«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында кездесулер өтті

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 18.11.2021 жылғы №04-17/590 хаты негізінде әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) конвенцияға сәйкес жыл сайын Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою халықаралық күні және «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы өткізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған және қабылданып жатқан шаралармен таныстыру болып табылады.

Осыған орай, 2021 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан күндерінің аралығында қала көлемінде жүргізілетін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарында филиал төрағасы Серік Әуесхановтың қатысуымен мекемелердегі ұжым мүшелерімен кездесулер өткізіліп, “Дүние жүзі бойынша ЖИТС-ке және есірткіге қарсы күресу” бойынша арнайы бағдарламамен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, отбасындағы бала тәрбиесіне мән беру керектігін атап өтті.

Аталған кездесулер «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-де, Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де, «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-де өткізіліп, акция жұмысы жалғасуда.