Кәсіподақтар гендерлік теңдік мәселелеріне ерекше назар аударады

2021 жылғы 4-5 желтоқсанда Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлері салалық кәсіподағының “Астана” қалалық филиалы Щучинск шипажайы базасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Гендерлік теңдік – лайықты еңбектің негізі” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағының елордадағы кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, мүшелік ұйымдардағы әйелдер комитеттерінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері қатысты.

“Астана” қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова қатысушылардың назарын таңдалған тақырыптың өзектілігіне, салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар арқылы әйелдер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетуге аударды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Медиа-орталығының бас сарапшысы Линара Сақтағанова қатысушыларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының гендерлік саясат жөніндегі Тұжырымдамасын таныстырып, еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссияның Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады.

“Арабтек” кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнәр Ажмағамбетова құрылыс алаңында жұмыс істейтін әйелдердің проблемаларын шешу тәжірибесі туралы айтып берді. “Астана бас жоспары” ҒЗЖИ кәсіподақ комитетінің төрайымы Жанар Байлиеваның баяндамасы гендерлік стереотиптерді еңсеру мақсатында Ұжымдық шарт талаптары және қоғамда, жастар ортасында ағартушылық жұмыс жүргізу қажеттілігі арқылы гендерлік теңдік мәселелерін шешуге арналды.

Тілеулес Мадьярованың қорытынды сөзінде халықаралық стандарттар туралы, Қазақстанның “Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы” 190 конвенциясын ратификациялау бойынша жұмысты ілгерілету туралы мәселелер қозғалды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша Қарар қабылданды. Қатысушылар тарапынан дөңгелек үстел ұйымдастырушыларының атына іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуі мен жұмысы үшін алғыс айтылды.