Кәсіподақ заңгерлері құқықтық кеңес беруде

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маманы Нұрлан Жетпісбай жұмыс сапарымен Ырғыз ауданында болды. Кәсіподақ өкілі білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық көмек көрсетті.

Салалық кәсіподақ заңгері Нұрлан Жетпісбай және Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Қасымхан Әбенов аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі, «Аққайың» балабақшасына барып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысымен танысты. Ұжымдық шарттың орындалуы, ішкі еңбек тәртібі туралы құжаттарды қарап, методикалық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, қазіргі таңда мұғалімдерді алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі – аттестациялаудың жаңа ережесі туралы сұрақтарға жауап берді.