Ақтөбеде еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссияның отырысы өтті

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әрекеттердің 16 күні» республикалық шарасы аясында Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігі жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.

Оған Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Д.Тынымқұлова, Ақтөбе облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің инспекторы А.Мырзакенова, «Отбасы сақтау» орталығының үйлестірушісі, психолог Б.Халел, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Р.Бисембаева, «Шолпы» қыздар клубының жетекшісі А.Сарыбай және еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

Жалпы дөңгелек үстел барысында облыс көлемінде атқарылып жатқан істер туралы кеңінен баяндалды. Әсіресе, отбасында әйел азаматтардың зорлық-зомбылыққа ұшырамауы, олардың алдын-алу шаралары, Сириядағы қақтығыстан елге келген әйелдерді қоғамға бейімдеу мәселелері, әйел-аналардың құқығын қорғау, оларға кеңестер беру, тәрбие мәселелері жан-жақты талқыланды.