Дөң тау-кен байыту комбинатында өндірістегі қауіпсіздік пен тиімділікті арттыруға бағытталған ақпараттық жүйе автоматтандырылды

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның филиалдары дамудың жаңа сатысына түсті. Осы кәсіпорынға қарасты Дөң тау-кен байыту комбинаты шахталарының бірінде жедел деректерді алу процесі автоматтандырылды. Жоба өндірістік жүйені енгізу шеңберінде іске асқан. Қазіргі ақпараттық қадағалау бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ыңғайлы.

Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы атындағы шахтада деректерді жинау процесі автоматтандырылды. Яғни, жобаларды басқарудың ақпараттық жүйесінде (ЖБАЖ) қосымша бет пайда болды. Осы орайда кәсіпорының навигаторлары мен BTS мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесі сәтті шықты деуге негіз бар.

Енді жаңа жүйенің жұмысын тарқатар болсақ, мәселен басқа беттердегі мәліметтердің 70% автоматты түрде жиналады да, қалған 30% қолмен енгізу қажет. Жетілдірілген жүйенің арқасында шахтаның ауысымдық жұмысы туралы барлық қажетті мәлімет енді бір орында шоғырланған. Нақтырақ айтсақ, экранда өндірілген кеннің көлемі, тоқтап тұру, қуақаздардың (штрек) жұмысы немесе шахта көлігінің, жүк көтергіш техникалардың жұмысы нақты уақыт режимінде көрсетіледі.

Жүйе кейбір деректерді талдауға да мүмкіндік береді. Мәселен, шахтадағы көліктердің жұмысы жайындағы мәліметтер сарапталып, нәтижесінде шыққан талдау экран бетінде көрсетіледі.