Ел мұраты – Мәңгілік ел

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Ел мұраты – Мәңгілік ел» атты іс-шарасын өткізді.

Мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Қызмет» салалық кәсіподағының құрамына кіреді және кәсіподақ комитетінің төрайымы – қоғамдық жұмыстар бойынша директордың орынбасары Әсел Әсетова.

Ұйымдағы кәсіподақ мүшелерінің саны 150 адамға жуық.

«Ел мұраты – Мәңгілік ел» атты іс-шараны орталық директорының орынбасары, кәсіподақ комитетінің төрайымы Әсел Әсетова алғы сөзімен ашып, ұжым мүшелерін құттықтау үшін сөз «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановқа берілді.

«Қызмет» салалық кәсіподағы филиалының төрағасы С.Әуесханов еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып, өз кезегінде оған өзіндік үлес қосып келе жатқан бірқатар кәсіподақ белсенділеріне филиал марапаттарын табыстады.

Атап айтқанда, орталықтың ваннашы-санитары Умилхайр Абдиева, аға медбикесі Күлзипа Қойбақова, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасары Әсел Әсетова «Құрмет грамоталарымен» және орталықтың вахтері Наталья  Сидельникова, киім және іш киім жуатын машинисті Любовь Китаева, әлеуметтік қызметкері Гүлдана Рүстемова «Алғыс хаттармен» марапатталды.