Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің жылдық есебі тыңдалды

Қазақстандық салалық білім және ғылым кызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымынында Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің 2021 жылы атқарылған жұмыстары бойынша жылдық есебі берілді. Жиынға Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла, Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ибадулла Исатаев, әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Отырыстың алғы сөзінде облыстық ұйым төрағасы Ж.Шайдулла Түркістан облысында Елбасы тапсырмасымен еңбек адамының игіліктеріне негізделген нақты шаралардың жүйелі жүзеге асырылуына тоқталып, мақсатты жұмыстарды бірлесе атқаруды атап өтті.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ибадулла Исатаев жыл бойында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жаңғыртуға байланысты әлеуметтік әріптестермен бірлесе атқарылған еңбек қатынастарын реттеу шаралары, еңбеккерлердің құқы қорғалуы мен әлеуметтік мүдделері үшін жасалған жұмыстарды баяндады.

Сауран аудандық кәсіподақ ұйымының ашылғанына небәрі 3 ай болуына қарамастан, бұл ауданда қазірде 1000-нан астам кәсіподақ мүшелері біріктірілген.

Кездесу соңында төраға Түркістан облысы кәсіподақтарының тұрақтылық пен жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өзара нәтижелі жұмыс атқаруындағы маңызды рөлі туралы ойымен бөлісті.