Ағымдағы жылдың 4-ші желтоқсанында елордада денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қалалық шахмат турнирі өтті. Жарысты “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы ” РҚБ Астана филиалы ұйымдастырды.
Турнирдің мақсаты шахматты зияткерлік спорт түрлерінің бірі ретінде насихаттау және танымал ету, зияткерлік спортты одан әрі енгізу, салауатты өмір салтын бекіту және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында жарыс рухын ынталандыру болып табылады.
Турнирге 40-қа жуық медицина қызметкерлері қатысты. Турнир жеңімпаздары ең көп ұпай саны бойынша анықталды. Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Бірінші орынды жеңіп алған «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК инженері Қайрат Көлбаевқа диплом және 100 000 теңге ақшалай сертификат берілді.
ІІ орын және 75 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатты «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» МКК ШЖҚ меңгерушісі Жомарт Темірғалиев алды.
ІІІ орын және 50 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат «№14 қалалық емхана» МКК ШЖҚ меңгерушісі Рүстембек Алеушиновке берілді.
«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы мен 30 000 теңге көлеміндегі сертификат «Қалалық фтизиопульмонология орталығы» МКК ШЖҚ фтизиатр дәрігері Марат Ракишевке және «Әйелдер арасындағы үздік шахматшы» номинациясы мен 30 000 теңге ақшалай сертификат «№9 қалалық емханасы» ШЖҚ дәрігері Айгерім Саликова мен «№ 2 «Көпбейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ мейірбикесі Санат Алтынжұлдызға табысталды.
Қалалық турнирдің жеңімпаздары 2021 жылдың 10 желтоқсанында өтетін республикалық онлайн турнирге қатысады. “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Астана филиалының төрайымы Дина Бақытжанқызы өз құттықтауында жеңімпаздарға республикалық жарыста жеңіске жетулеріне сәттілік тіледі.