Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» мақаласы туралы пікір білдірілді

«Qyzylorda» телеарнасының «Ақиқат алаңы» бағдарламасында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мақсұт Нәлібаев партиялас әріптестерімен бірге Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» мақаласы туралы пікір алмасты.

Спикерлер Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған мақаласындағы Мәңгілік ел болу жолындағы міндеттемелері мен елдің қасиетті құндылықтары жайлы ауқымды ой-пікірлерін жеткізді.

«Тәуелсіздік – қастерлі ұғым, мақала тарихи қағидаттарды біріктірді. Жастарды елдіктің, ана тілдің, жердің қадір-қасиетін түсіне отырып, Тәуелсіз елдің одан әрі дамуына әлеуетті, білімді азамат ретінде үлес қосады деп сенеміз», – деп пікір білдірді Мақсұт Нәлібаев.