2021 жылғы 5 желтоқсанда Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының, “Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы әйелдер күштерінің Альянсы” ҚБ, “Қазақстан жаяу жүру және скандинавиялық жүріс федерациясы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының, “Этномәдени орталығы” ҚБ, “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы” КММ бастамасымен Павлодар облысы бойынша Шаңғы жарыстары федерациясының төрағасы Рахметолла Қаскырбаевтың және “Павлодар облысы бойынша дене шынықтыру және спорт бөлімінің балалар-жастар спорт орталығы” МКҚК директоры Ерлан Қалиевтің қолдауымен “Салауатты ұлт – табысты мемлекет” челленджі бастау алды.
Челлендж аясында қатысушылар “Денсаулық қашықтығын” өтті.
Мәреде әр қатысушыға алғыс хат пен тәтті сыйлық берілді. Челлендж эстафетасы жалғасуда.