Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы туралы Ережені іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 5 желтоқсанда “Келешек” жастар кеңесінің төрайымы, “Yntymaq” орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлзира Атабаева Кәсіподақ үйі ғимаратында азаматтарды қабылдады.
87088614656 жедел желісі бойынша депутаттық қабылдауға жазыла отырып, азаматтар қоғамдық қабылдау бөлмесіне еңбек қатынастарын ресімдеу, жұмысқа орналасу, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзғаннан кейін жұмысқа қайта алу, тұрғын үй алу үшін кезекке қою тәртібі туралы, жалғызбасты аналарға берілетін жеңілдіктер туралы, жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алу мәселелері бойынша жүгінді.
Барлық өтініштер бойынша толық кеңестер берілді, жеке өтініштер бақылауға алынды.
Өңірдің кәсіптік одақтарының қоғамдық бірлестіктерінен сайланған Павлодар облыстық және Павлодар қалалық мәслихаттарының депутаттары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды тұрақты қабылдайды.