“KASIPODAQжаSTAR” жоғары деңгейде өтті

“Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ жанындағы облыстық Жастар кеңесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “KASIPODAQжаSTAR” іс-шарасын өткізді. Форум Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті.

Іс-шараның мақсаты – кәсіподақ қозғалысына бастамашыл және креативті жас педагогтарды, өзінің кәсіби шеберлігімен танымал, көшбасшылық қасиеттерге ие, жас мұғалімдердің мүдделерін білдіре және қорғай алатын кеңестің белсенді мүшелерін тарту, пікір алмасу алаңын құру, сондай-ақ жыл ішіндегі жұмыстың қорытындысын шығару.

Жастардың кәсіподақ қозғалысы – бұл болашақ стратегиясы және қазіргі таңда жүйеде жұмыс істеп жатқан идеялар мен бастамалардың жаңа толқыны, шығармашылық табыстың траекториясы және жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытудың кілті.

Ағымдағы жылы “Жас ұстаз-2021” жол картасы әдістемелік-ұйымдастырушылық және ақпараттық жұмыс, жас педагогтың жеке қасиеттерін дамыту, мәдени-бұқаралық, спорттық және шығармашылық іс-шаралар бағыттары бойынша жұмыс істеді.

“Ореn Space” форматындағы онлайн пікір алмасулар жас педагогтардың бейімделу мәселелері, облыстың әрбір ауданында, қаласында жас педагогтармен пікір алмасу үшін ашық алаңға айналды.

Облыстық жастар кеңесінің бастамасымен “Ауылым – алтын бесігім” ұранымен өткен веложарыс облыстың жастар белсенділері арасында қолдау тапты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған “30 Еңбек елшісі” республикалық жобасына қатысу үшін облыстың жас педагогтерінен 13 өтінім жіберілді. Оның қорытындысы бойынша  Павлодар қ. №43 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Еркінқызы жеңімпаз атанды.

Жас мамандарды кәсіподақтың Жастар кеңесінің жұмысына тарту мақсатында 2021 жылы облыста “KASIPODAQжаSTAR” жобасы іске асырылды. Жобаға қатысу үшін аталған іс-шараның қорытынды кезеңіне 69 өтінім келіп түсті. Қазылар алқасының шешімі бойынша 20 жас маман жеңімпаз атанды.

“KASIPODAQжаSTAR” жоғарыда аталған жобаның барлық жеңімпаздарын, кеңестің белсенді мүшелерін және жаңа, жас ұрпақты біріктіріп, біріктіретін ауқымды іс-шараға айналды. Іс-шараға барлық қалалар мен аудандардан 50 адам қатысты.

Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Науразбаева өз сөзінде педагогикалық қоғамдастықтың еліміздің егемендігін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті. “Қоғамдық бірлестік жанындағы облыстық жастар кеңесінің белсенді қызметі әлеуетті ашуға, мүмкіндіктерді іске асыруға, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді. Біздің жастарымыз өз еңбектерімен, шығармашылығымен, бастамаларымен педагогтар мен кәсіподақтың имиджін көтереді!” – деп атап өтті салалық кәсіподақ төрағасы.

Жас педагогтар, кәсіподақ белсенділері “Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, “Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен, “Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.