Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында “Еуроазиаттық энергетикалық корпорация” АҚ Ақсу электр станциясының бастауыш кәсіподақ ұйымымен әлеуметтік әріптестікте шағын футболдан дәстүрлі турнир өткізді.
“ЕЭК” АҚ президентінің ауыспалы кубогына арналған жарыс 2021 жылғы 26 қараша мен 5 желтоқсан аралығында №2 мектептің спорт залында өтті.
Жарысқа Ақсу өңірінің 15 жасқа дейінгі оқушыларынан құралған алты команда қатысты.
Ақсу қаласының №2 мектеп оқушыларының командасы спорттық күрестен “ЕЭК” АҚ президентінің ауыспалы Кубогын және 100 000 теңге жүлдесін жеңіп алды.
Екінші орынды және 70 000 теңге жүлдені Ақсу қаласының №8 мектебінің оқушылары жеңіп алды.
Ақсу қаласының №1 орта мектебі оқушыларының командасына үшінші орын және 50 000 теңге сыйлық берілді.
4, 5, 6 орын алған мектептердің спорттық командалары 20 000 теңгеден ынталандыру сыйлықтарын алды.
“Үздік қақпашы”, “Үздік қорғаушы”, “Нәтижелі ойыншы”, “Үздік шабуылшы” тақырыптық номинацияларында №8, 2,1 және Шулембаев атындағы мектептердің оқушылары марапатталды.
“ЕЭК” АҚ-ның Ақсу қаласының оқушы жастарымен спортты дамыту және оқушыларды сауықтыру бойынша ынтымақтастығы жалғасуда.