“Ұлт денсаулығы” аймақтық қоғамдық кеңесі өтті

“Nur Otan” партиясы Қызылорда облыстық филиалында “Ұлт денсаулығы” аймақтық қоғамдық кеңесі отырысы өтті.

Кеңес мүшелері қатарында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиал төрағасы Асылхан Абылайханұлы кеңес отырысына қатысты.

Кеңес отырысында “Nur Otan” партиясының “Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!” сайлауалды бағдарламасында денсаулық бағыты бойынша 2021 жылға жоспарланған көрсеткіштердің орындалу барысы мен 2022 жылғы көрсеткіштерге қаржы қарастыру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласы мамандарымен аймақтағы “Ана мен бала” мәселесі мен нефралогиялық қызметтерді көрсету жағдайы бойынша ақпарат беріліп, мәселелері талданды.