Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалы құрамындағы кәсіподақ мүшелеріне салалық кәсіподақ марапаттары табысталды.
Саладағы кәсіподақ белсенділеріне марапатты облыстық филиал төрағасы Толыбай Жүсіпов тапсырып, марапат иелерін Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
Жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Ы.Жахаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, облыстық ветеринариялық бақылау инспекциясы және басқа да бірқатар бастауыш ұйымдардағы жүйелі жұмыстар барысы атап өтілді. Кәсіподақ төрағасы марапат алушыларға еңбеккерлердің әлеуетін арттыру мен мүддесін қорғау жолындағы қоғамдық жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп, алдағы жұмыстарға табыстар тіледі.