Мəртөк аудандық білім бөлімі жəне кəсіподақ ұйымы Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын ұйымдастырды.
Мерекелік шарада еліміз егемендікке қол жеткізген тұста дүние есігін ашып, бүгінде білім саласында еңбек етіп жүрген жас мамандар марапатталды.
Бүгінгі күні аудан бойынша 1991 жылы туған білім қызметкерлерінің саны 50-ге жуықтайды. Тəуелсіздік құрдастары облыстық салалық кəсіподақ ұйымы, аудандық білім бөлімі жəне аудандық кəсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталып, оларға сыйлықтар табыс етілді.
Салтанатты жиын Қ.Медетов атындағы өнер мектебі ұйымдастырған мерекелік концертпен аяқталды.