Алматы облысы Талдықорған қаласының “Талдықорған әуендері” халықтық-фольклорлық этнографиялық ән-би ансамблінің құрылғанына мерейлі 10 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.
Осы 10 жылдың ішінде осы ансамбль қала ғана емес облыс, республика көлеміне танымал болды. Талай шетелде өткен жарыстардың бас жүлделерін қанжығаларына байлап қайтты. Жақында халықаралық “Славян базары” конкурсында бас жүлде алған Руфия Байдукенова да осы ансамбльдің түлегі.
“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ төрайымы Светлана Иманқұлованың құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын Алматы облысы филиалының төрайымы Сәуле Ахмадиева салтанатты түрде тапсырып, ансамбль мүшелері мен мерекелік шараға жиналған халықты Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.