Шымкентте Үйлестіру кеңесі өтті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтті.

Күн тәртібінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ тапсырмаларының орындалуы барысы, «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне жазылу жайы, Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін іс-шаралар, марапаттау және «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою акциясы» бойынша іс-шараларға қатысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, Бауыржан Ілімшеұлы еңбек адамдары бірлігінің ұйытқысы болған бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, демалысқа шыққан еңбеккерлердің жалақылары уақтылы беріліп, еңбек құқықтары қорғалуын назарда ұстауды тапсырды.