Қызылордада зорлық-зомбылыққа қарсылық білдіру акциясы жалғасты

Акцияға білім және ғылым саласы кәсіподағының кәсіподақ белсенділері үн қосты. Салалық кәсіподақтың Қызылорда облыстық ұйымы жанындағы еңбеккер әйелдер ісі жөніндегі комиссиясы төрайымы Гүлзира Омарова әйелдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталатын шараларды жүргізудің маңыздылығы туралы айтып өтті.

Облыстық салалық кәсіподақ ұйымымен әйелдердің еңбек жағдайы бойынша жасалып жатқан жұмыстар барысынан Білім және ғылым саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Нұргүл Өтегенова мағлұмат берді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының жұмыскер әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі, Қызылорда облыстық комиссия төрайымы Майра Боранбаева еңбек саласындағы өзекті мәселелер туралы өз сөзінде әйелдер еңбегі мен ананы қорғау мәселесінің заңнамалық реттелуі ережелері туралы ақпаратпен бөлісті. Акцияға қатысушыларды ол Халықаралық еңбек ұйымының «Еңбек саласында зорлық-зомбылық пен алымсақтықты жою туралы» №190 Конвенциясын ратификациялауды қолдауға, зорлық-зомбылықты жоюдың құқықтық негіздерін нығайту мәселеріне назар аударуға шақырды.

Акция қатысушылардың өзара пікір алмасуымен қорытындыланды.