Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шара өтті

Қызылордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» атты шара өтті.

Шараға Сыр еліне келген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, облыстың құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері және түрлі сала қызметкерлері қатысты.

Салтанатты шараға аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, “Құрмет”, “Айбын” ордені иесі, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев қатысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Сыр елі халқын ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев құттықтап, аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен бірге облыстағы бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады. Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.