“Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы “ҚБ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары” Қауіпсіз еңбек ” бағдарламасын іске асыруға елеулі үлес қосуда

“Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы” ҚБ техникалық инспекторлары 2021 жыл бойы өндірістегі төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларының орындалуын бақылау бойынша өз қызметін жалғастырды.

Жылдың соңғы айында біз “Қауіпсіз еңбек”Мемлекеттік бағдарламасын орындауға өз үлесін қосатын еңбекті қорғау жөніндегі жас және тәжірибелі техникалық инспекторлар туралы айтып бергіміз келеді.

“Богатырь Көмір” ЖШС тау-кен-техникалық жабдықты пайдалану учаскесінің технологиялық көлік басқармасында жүргізуші болып жұмыс істейтін Арман Қайдаров көп жылдан бері негізгі жұмысты еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметімен ұштастырып келеді. Кәсіпорында ол 1997 жылдан бастап жұмыс істейді, бір кездері қоғамдық инспектордан бастаған.

– Менің техникалық инспектор ретіндегі негізгі міндетім-еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын қоғамдық бақылау арқылы жұмыскерлердің, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері мен құқықтарын бақылауды жүзеге асыру. Жазатайым оқиғаларды, кәсіби ауруларды тексеру, арнайы киімді есептен шығару, қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысамын. Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекциямен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз, – деді А.Қайдаров.

Техникалық инспектордың жұмыс учаскесі оңай емес, үлкен техника жұмыс істейді, жақын жерде – тау жыныстары. Сондықтан, Арман Қайдаров атап өткендей, аса ауыр зардаптардың алдын алу үшін жағымсыз сәттерді уақытында байқау маңызды.

– Басшылықпен, ұжыммен бірлескен жұмыс маңызды. Барлық ұжымнан біздің қызметіміз оң нәтиже көрсетті .Тек бірге біз өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Тәуелсіздік күні мен келе жатқан Жаңа жыл қарсаңында әріптестеріме тек тыныш және қауіпсіз еңбек тілегім келеді,- деп құттықтады Арман Қайдаров.

«Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің Баспасөз қызметі