Кәсіподақ өкіліне құқық қорғау саласындағы әріптестік үшін алғыс білдірілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінде құқық қорғау саласындағы бірқатар әріптестер марапатталды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен ұйымдастырылған шарада Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Шамшидин Амитов қоғамдық ұйым өкілдеріне өзара бірлесіп, адам құқықтарын қорғау саласында Полиция департаментімен тығыз байланыста белсенді қызмет жасағандары үшін ризашылығын білдірді.

Жиын барысында әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, оларды құқықтарына қол сұғушылықтардан сақтау бағытындағы әріптестер жұмыстары атап өтілді.

Әріптестіктің тиімділігін арттыруда қосқан үлесі үшін марапатталушылар қатарында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбеккер әйелдер комиссиясы төрайымы Майра Боранбаеваға облыстық Полиция департаменті басшысының Алғыс хаты табысталды.