Марапат төрінен көрінді

Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Жезқазған қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына қарасты «РОДНИЧОК» бөбекжайының қызметкері Роза Баймұратова алмалы Алматыда марапат төрінен көрінді.

2015 жылдан бері балабақшаның бастауыш кәсіподақ ұйымына төрағалық ететін Роза Қарабалтинқызы Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен «КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ҮЗДІК БЕЙНЕРОЛИК» атты республикалық байқауға қатысты.

Өз бейнеролигіне кәсіподақ ұйымының өзіне сенім білдірген мүшелерінің құқығы мен мүддесін қорғау жолындағы күнделікті күйбең тірлігін арқау еткен Роза Баймұратова Төрайым Айгүл Мұқашеваның Алғыс хаты мен 100 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.