Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылордада әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық жарыс болып өтті.
Ә.Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейінде өткен тартысты жарысқа барлық аудандар мен қала мектептерінен 48 алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері қатысып, күш сынасты.
Әскери дайындықты шыңдап, технологиялық дайындықты көрсететін жарыс барысында қатысушылар пневматикалық винтовкасынан жылдамдыққа ату, АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау, оқжатарын жарақтау бағдарламасы, белтемірге тартылу сайысы, әскери спорт түрлері бойынша команда жетекшілері арасында сайыс, пневматикалық винтовкасынан ату бағдарламасы бойынша сайысты.
Жеті түрлі ауқымды сайыстар қорытындысымен жалпы командалық есепте жүлделі 1-ші орынды Арал ауданы, 2-ші орынды Қазалы ауданы, 3-ші орынды Қармақшы ауданы мұғалімдері жеңіп алды.
Жарыз жеңімпаздарына облыстық білім басқармасы мен облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының арнайы дипломдары мен сыйлықтары табысталды.