Үздіктер марапатталды

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов 180 жұмыскері бар Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-да бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекесімен құттықтап, ел экономикасының өсуі мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына, кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан бірқатар жұмыскерлерін филиалдың наградаларымен марапаттады.

Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төсбелгісімен Дендрологиялық саябақтың қарауылы Қырықбай Тұрғынбаев, кәсіпорын директорының орынбасары Үсен Құрманбай, «Құрмет грамотасымен» кадр инспекторы Роза Әбілқасова, кәсіпорын бригадирі  Бердияр Балабеков, қарауылы Сейсенбай Оспанов, сушысы  Ербол Жұбатов және «Алғыс хатымен» Қошқар-ата учаскесінің басшысы Бауыржан Каумешов, кассирі  Ұлман Жүнісова, бригадирі  Ержан Сексенбаев, жүргізушісі  Абдимарат Рүстембеков, жүргізушісі  Ерлан Бөрібеков марапатталды.

Сондай-ақ, А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директоры Асылхан  Ешімов бірқатар жұмыскерлерге кәсіпорынның «Алғыс хаттарын» табыстады.