«Жастар ортасындағы еңбек құндылықтары: идеядан жетістіктерге!»

2021 жылғы 10 желтоқсанда Кәсіподақ үйі ғимаратында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек»  жастар кеңесі ұйымдастырған Павлодар өңірі кәсіпорындарының еңбек жастарының «Жастар ортасындағы еңбек құндылықтары: идеядан жетістіктерге!»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. .

Қоғамда еңбекке деген құрметті қалыптастыру, жеке тұлғаның қалыптасуындағы еңбектің рөлін арттыру, кәсіби өсу бойынша креативті идеялармен және еңбек пен кәсіподақ белсенділігіндегі практикалық дағдылармен алмасуды мақсат тұтқан,    көп қырлы қоғамдық қызметтегі жоғары көрсеткіштерді үйлестіретін экономиканың түрлі салаларындағы еңбек жастарының өкілдері:  Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» ЖШС, «Қазхром» ТҰК»  АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ERG Servise» ЖШС, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы»АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС жастары, дәрігерлер мен педагогтер кәсіподақтың дөңгелек үстелінде  кездесті.

Кездесуді ашқан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек»  жастар кеңесінің төрайымы Дария Хамитжанова Павлодар облысының еңбек жастарына: «Еңбек етуші  жастар біздің қоғамда жасампаз еңбекке және кәсіпке деген шығармашылық көзқарасқа құрмет қалыптастыруға, нақты бастамалар мен креативті идеяларды енгізуге, жұмысшы  мамандығының беделін арттыруға, жастардың кәсіподақ қозғалысының дамуын белсенділіктің жаңа деңгейіне көтеруге үндейді», – деп атап өтті.

«Павлодар облысының 14-29 жас аралығындағы қазіргі инновациялық жастарының саны   134 726 адам, олар  облыс халқының жалпы санының 18,5%-ын құрайды. Павлодар облысында кәсіподақтардың жастар құрамы белсенді жұмыс істейді, ол кәсіподақ мүшелерінің 38%-ын құрайды, саны  -51 680 адам. Еңбек жастарын толық жұмысқа орналастыру  бойынша  жұмысты атқаратын кәсіподақ жастар қозғалысы NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге белсенді түрде тартылды; «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы» жобаларын іске асыруға; жас қызметкерлерге еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша бос орындар жәрмеңкесіне қатысу арқылы жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге атсалысты. Қазақстан Республикасы  Кәсіподақтар федерациясының «30 Еңбек Елшісі»  жобасының  бастамашысы болды.

Павлодар облысының еңбек жастары зор әлеуетке ие: «30 Еңбек елшісі» конкурсына ұсынылғандардың ішінен Павлодар облысы кәсіподақ жастарының  4 көшбасшысы жүлделі орындарға ие болды: «Богатырь Көмір» ЖШС бас технологі Қымбат Құрманғалиева, «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Павлодар филиалының кен және тау-кен саласындағы жедел-алдын алу жұмысы жөніндегі жетекші инженер Олжас Мүбараков, «Павлодар қаласының №43 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Әбілдинова және «Келешек» жастар кәсіподақ кеңесінің төрайымы, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлзира Атабаева. Биыл «Торайғыров университеті»  КЕАҚ кәсіподақ алаңында Павлодар облысында 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тұжырымдамасының жобасын талқылай отырып, кәсіподақ жастары кәсіподақ көшбасшылығын дамыту бойынша ұсыныс енгізді. Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек»  Жастар кеңесі өз қызметінде «Бүгінгі таңда әрбір белсенді жастар саясатының объектісі  ғана емес, сонымен қатар субъектісі болып, нақты бастамалар мен жобаларды іске асыруға қатысуы тиіс», – деп атап өтті Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесінің төрайымы Гүлзира Атабаева.

«Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ бас маманы Роман Краснощеков өз сөзінде: «Павлодар облысының кәсіподақ бірлестіктері мектеп және колледж оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру мәселелерін шешуде Павлодар облысының жастар саясаты бағдарламасын орындау бойынша біздің әлеуметтік серіктесіміз, Бос орындар жәрмеңкесінің тұрақты қатысушысы, еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша «Жасыл Ел»  еңбек жасақтарының кураторы, «Ертіс дарыны» өңірлік байқауының белсенді қатысушысы болып табылады» деді. Ол  дөңгелек үстелге қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар кәсіподақ жастар қозғалысы мәселелерін талқылады, жетістіктермен, қоғамдық қызмет және кәсіби өсу тарихымен бөлісті, өңірдегі кәсіподақ жастар қозғалысының одан әрі даму бағыттарын анықтады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында КЕА (Каzakhstan Enbek Adamy) Алғыс хаттарымен және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен «Senim»  салалық кәсіподағының жастар қанатының төрағасы Сандуғаш Исина, «Қазақстан алюминийі» АҚ жастар кеңесінің төрағасы Виталий Кукшин, «ПМХЗ» ЖШС операторы Азамат Рахымжанов, «Қазхром» ТҰК АҚ операциялық тиімділік қызметінің навигаторы Александр Шутов, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ заң бөлімінің бастығы Қуандық Майкенов, «Павлодар қаласы №43 ЖОББМ»  КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Әбілдинова, «Богатырь Көмір»  ЖШС бас технологі  Қымбат Құрманғалиева, «ERGService»  ЖШС сенімділік және диагностика жөніндегі менеджері Ержан Хамзин,  «ERGService» ЖШС жастар кеңесінің төрайымы Әсел Темірбаева,  Жастар бастамаларын дамыту орталығы директорының орынбасары Бауыржан Жансейітов марапатталды

Талқылауға ашық дөңгелек үстел форматы, алынған жаңа білім, креативті идеялар мен рационализаторлық ұсыныстар тәжірибесімен алмасу Павлодар облысының жастары арасында еңбек құндылықтарын нығайту бойынша осы отырысты өткізу идеясын кезеңдік жетістікпен іске асырды.

«Павлодар облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ

баспасөз қызметі