«Келешек» Жастар кеңесінің көшбасшылары тікелей эфирде сөз сөйледі

Қазақстан Республикасының  Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Дария Хамитжанова, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Гүлзира Атабаева және «30 Еңбек елшісі»  конкурсының жеңімпазы, «Богатырь Көмір»  ЖШС бас технологі Қымбат Құрманғалиева тікелей эфирде сөз сөйледі.

Тікелей эфир тақырыбы: «Келешек»  – кәсіподақтардың жастар құрамы.

«Уақыт талабына жауап бере отырып, ҚРКФ Жастар Кеңесі мүлдем жаңа форматта құрылды, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының консультативтік-кеңесші органы – «Келешек» Жастар кеңесі деп қайта аталды.  «Келешек»  жастар кеңесінің өкілдері 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ҚРКФ жастар саясатын жүзеге асыруды үйлестіреді.

Жастардың әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жас кәсіподақ көшбасшыларын оқыту және ілгерілету, жастардың кәсіподақ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таныту, жастардың өзін-өзі ұйымдастыруына ықпал ету, жастардың инновациялық жобаларын іске асыру  «Келешек» Жастар кеңесінің міндеттері болып табылады.

ҚРКФ жастар саясаты жастармен кәсіподақ жұмысын жүйелендіруге, кәсіподақ қатарын толықтыруға және жастар арасынан кәсіподақ қозғалысының көшбасшыларын даярлауға, инновациялық технологияларды қолдануға және кәсіподақ қозғалысында жастар жобаларын дамытуға бағытталған», – деп атап өтті Дария Хамитжанова.

Дария Хамитжанова кәсіподақ жастары өкілдерінің сайланбалы органдарға қатысуы, заң жобаларын, норма шығару құжаттарын талқылаудағы белсенді ұстанымы, сондай-ақ кәсіподақ қызметкерінің Әдеп кодексінің жобасы туралы айтып берді.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек»  жастар кеңесінің төрайымы Гүлзира Атабаева «Келешек» Жастар кеңесінің жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша қызметі; жас қызметкерлерге «Алғашқы жұмыс орны» жобасын және еңбек заңнамасын түсіндіру; қазіргі заманғы жастардың жұмысшы кәсіптерін меңгеруі үшін кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, «Жасыл Ел»  еңбек жасақтарына жетекшілік ету, жұмыс істейтін жастардың жұмыс тәжірибесімен және  креативті идеяларымен, жобаларымен  алмасулары  үшін пікірталас алаңдарын өткізу туралы айтып берді.

«30 Еңбек Елшісі» байқауының жеңімпазы, «Богатырь Көмір»  ЖШС бас технологі Қымбат Құрманғалиева өз сөзінде: «Кәсіподақ жастарын ел болашағы үшін жауапкершілік пен кәсіподақтарды беделді және қуатты ету ниеті біріктіреді. Кәсіподақтардың рөлін күшейту  – біздің ортақ міндетіміз. Кәсіподақтардың жастар саясатын жандандыру, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету кәсіподақ қозғалысын дамытудың негізі болып табылады. Біз бүкіл ел жастарының кәсіподақтарға қосылуын ұсынамыз. Біздің алдымызда кәсіби және зияткерлік өсу, өзін-өзі танымал ету у және шығармашылық тұрғыдан даму  үшін үлкен перспективалар бар» деп атап өтті.

 

«Павлодар облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ

баспасөз қызметі