2021 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Дария Хамитжанова Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Жастар бастамаларын дамыту орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысып, кәсіподақтардың жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылады.
Павлодардағы Жастар бастамаларын дамыту орталығы арт-медиа орталықтан, Волонтерлік орталықтан, Жастарға қызмет көрсету орталығынан, Талдау және мониторинг орталығынан тұрады.
14-29 жас аралығындағы жастар «бір терезе» қағидаты бойынша жастарды жұмысқа орналастыруға, оның ішінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде,ықпал ету, жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге, жастар кәсіпкерлігіне ықпал ету, кәсіптік бағдар беру бойынша бастапқы консультациялар ала алады.
Жастардың әртүрлі санаттары үшін қызығушылықтары бойынша клубтар жұмыс істейді. Жобалық модуль қызмет атқаруда, «Коворкинг-орталық» құрылды.
Жастарға кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру бойынша көмек көрсету үшін Жастар бастамаларын дамыту орталығында жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері өткізілетін еңбек биржасы жұмыс істейді, NEET тобы санатындағы жастарға мониторинг өткізіліп, оларды қолдау жүзеге асырылады, бұл жастарды жұмыспен уақтылы қамтуды қамтамасыз етеді.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалына кіреді.
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Дария Хамитжанова Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы қабылдаған іс-қимыл стратегиясы шеңберіндегі қызметі, ХЕҰ-мен өзара іс-қимыл, бірлескен жобаларды іске асыру, «Келешек» жастар кеңесінің қызметі, ҚРКФ-ның еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.
«Кәсіподақтар федерациясы өз қызметінде кәсіподақтардың жастар саясатын күшейту және жандандыру жөніндегі жүйелі жұмысқа ерекше назар аударады. Тиімді жастар саясаты – бұл жастар кеңестері жүйесін құру бойынша жұмыс, жастардың ұжымдық іс-қимылдарға және ынтымақтастық акцияларына тұрақты қатысуы. «Келешек» -Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жастар құрамы, консультативтік-кеңесші орган болып табылады. «Келешек» Жастар кеңесінің миссиясы – жастарды әлеуметтік-еңбек қатынастары, білім беру және кәсіптік даярлау саласындағы құқықтары туралы хабардар ету арқылы жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды кәсіподақ қатарына тарту»- деп атап өтті Дария Хамитжанова.
«Павлодар облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ
баспасөз қызметі