Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Сайрам ауданында орналасқан «Оңтүстік жолдары» МКК бастауыш кәсіподақ ұйымында арнайы жиын өтіп, оған «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол мекемелері жергілікті кәсіподағының» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Али Мамедов қатысты.
Кәсіпорында 163 қызметкер жұмыс жасайды. Барлығы кәсіподақ мүшелігіне кіреді. Атаулы мерекені арқау еткен басқосуда кәсіподақ жұмыстары сөз етіліп, соңы марапаттау салтанатына ұласты.
Бастауыш кәсіподақ ұйымында өз ісіне біліктілігімен, еңбекқорлығымен танылып жүрген белсенді кәсіподақ мүшесі Нургуль Балгабаеваны, Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы және салалық кәсіподақ бірлестігі атынан Али Мамедов «Үздік қызметкер медалімен» марапаттап құттықтады.
.
#kasipodaqkz1010
#denprofsoyuzov1010
#kasipodaqkuni1010
#деньпрофсоюзов1010