Зайсан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай баскетболдан жарыс өткізілді

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына орай Зайсан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелері арасында баскетболдан жарыс өтті. Жарысқа бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 12 команда қатысты.

Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қабиолда Сайранов жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлықтар мен кубоктар табыс етті. 1 орынды – «Сартерек орта мектебі» КММ-нің командасы, 2 орынды – «Жарсу орта мектебі» КММ-нің командасы, 3 орынды – «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің командасы иеленсе, «Жеңіске деген құштарлығы үшін», 4 орынды – «Қаратал орта мектебі» КММ-нің командасы жеңіп алды. Сонымен қатар барлық қатысқан командаларға мектептеріне естелік ретінде картиналар табысталды.

Зайсан ауданының білім беру
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы