Кәсіподақ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай үздіктерді марапаттады

Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚБ Ақтөбе облыстық филиалында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз”атты салтанатты жиын өтті.

Әнұранмен басталған шара кәсіподақ төрағасы Назира Табельдинованың құттықтау сөзімен және бастауыш кәсәподақ мүшелерің марапаттауымен жалғасты.

“Еліміздін өркендеу жолында, тарихымыз бен мәдениетіміздің, соның ішінде ұлттық мәдени құндылықтарымыздың қайта жанғыртылуына, спорт саласын дамытуға азғантай жалақысына қарамастан біздің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері өз үлестерін қосып келеді.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы ішінде еліміздегі оң өзгерістердің барлығында біздің Ақтөбедегі 5 мыңға жуық кәсподақ мүшелерінің қосқан ерен еңбектері бар. Осындай жандардың еңбегін бағалау- біздің міндетіміз!” деп ,-атап өтті салтанатты жиында кәсіподақ төрағасы .

Салтанатты жиында кәсіподақ жетекшісі “Еңбек даңқы” төсбелгісімен танымал ақын, журналист Ертай Ашықбаевты, әнші Тобағабылов Қоянбаев, мәдениет және спорт саласынның үздіктері Рысбаева Балкия, Мамбетова Сара, Джулмағанбетов Амирхан,Сарыбай Алмагүл,Шатаев Тимур,Досова Дина марапатталды.
ҚР Мәдениет және спорт Министрлігімен Қазақстандық Салалық мәдениет,спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚБ бірлескен Құрмет грамотасымен және Салалық кәсіподақ филиал грамотасымен бір топ еңбеккерлері облыстың мәдени,рухани және спорт,ақпарат салаларындағы белсенді жұмыстары үшін марапатталды.
Салтанатты шара Бекболат Тілеухановтың “Елім менің аңсаған”асқақ рухты әнімен барлық қатысушылардың бірге қосыла орындауымен аяқталды.