Мемлекеттік қызметкелерге марапаттар табысталды

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасында «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтау ісшарасын өткізіп, ісшарада басқарма басшысы Утенбаев Ғалым мен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мерекемен құттықтап, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне наградалар табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ техникалық инспекциясы бөлімінің бас маманы Айтқасымов Бақытжан Сейдуллаұлы, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тұрғын үй инпекциясы бөлімінің бас маманы Қазыбаева Раушан Тасполатқызы, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбдинұров Мәлік Құттымбетұлы және «Алғыс хатпен» Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекция бөлімінің бас маман-құрылыс инспекторы Әбиев Оспан Оразбайұлы, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ техникалық инспекция бөлімінің бас маманы Жұмахан Бағлан Қарсыбекұлы марапатталды.
#kasipodaqkz1010
#denprofsoyuzov1010
#kasipodaqkuni1010
#деньпрофсоюзов1010