Батыс Қазақстан облысында “Зорлықсыз қоғамды қалай құруға болады?” тақырыбында кездесу өтті

Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы жанындағы жұмысшы әйелдер құқығын қорғау комиссиясының ұйымдастыруымен “Зорлықсыз қоғамды қалай құруға болады?” атты шарасы өтті.

Шараның мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, зорлық-зомбылықпен күрес механизмдерін әзірлеу, үйдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларына қоғамның назарын аудару. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтып, алдын алу бойынша пікір алмасу, сол арқылы ортақ ұсыныс қабылдау. Сонымен қатар әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізу арқылы тақырыптың ауқымды таралуына назар аударылып, желі қолданушыларына да кездесу маңыздылығы айқындалды.
Шараға БҚО Кәсіподақтар орталығы басшысының орынбасары Б.А. Атауов, “Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты” қоғамдық қорының БҚО-дағы өңірлік менеджері А. Б. Шамаева, комиссия мүшелері және әр салада қызмет атқарып жүрген кәсіподақ мүшелері қатысты.
Шара барысында қатысушылар пікір алмасып, кейстермен жұмыс жасады.