Келісім шарттардың орындалуы бақылауда

“Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы” ҚБ Кербұлақ аудандық филиалының жоспарына сәйкес филиал төрағасы Ж.Н.Дуанаев бірқатар мектептерін мектеп әкімшілігі мен асхана жалдаушылары арасындағы келісім шарттарының орындалуын бақылап қайтты.
Бүгінгі күні ауданның барлық мектептерінде мектеп әкімшілігі мен асхана жалдаушыларының арасындағы келісім шарт өз деңгейінде орындалып жатыр. Келісім шарттағы екі жақты міндеттер толығымен іске асырылып, оқушыларымыз ыстық тамақпен қамтылған.
Атап айтқанда, Сарыөзек ОМ директоры С.Имуханбетова мен асхана жалдаушы А.Елкенова екі жақты келісім шартты орындау барысында ешқандай олқылық жібермеген. Мектеп асханасы 110 шаршы метрді құрайды, асхана керекті құалдармен жабдықталған, бүгінгі күні тегін ыстық тамақпен 75 бала қамтылған.
Аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Ж.Дуанаев мектептің жұмысына ризашылығын білдіріп, ұжымға алғысын айтты.