Кәсіподақ төрағасы Құрмет грамотасымен марапатталды

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекесі қарсаңында мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін өз лауазымының міндеттерін жоғары кәсібилігімен атқарып жүрген Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының Ордабасы ауданы бойынша қоғамдық негіздегі төрағасы Сәттібек Жөргенбайұлы Сүйіндік Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылы 2 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.