Медиация мәселесі талқыланды

2021 жылғы 14 желтоқсанда “Еуразиялық кеңістіктегі әлеуметтік қауіпсіздік” халықаралық ғылыми конференциясына арналған дөңгелек үстелдің сессиялық бөлігінде татуластыру орталығының басшысы, кәсіби медиатор, сот жүйесінің ардагері М.Иванова еңбек дауларын реттеу жөнінде сөз сөйледі.

Өз сөзінде ол медиацияның дауларды реттеудің баламалы тәсілі ретіндегі бірегейлігі, еңбек дауы ұғымы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жеке еңбек дауларын қарау тәртібі, Медиация туралы шарттың қолданылу кезеңінде жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімін тоқтата тұру, сот талқылауымен салыстырғанда медиация рәсімінің айрықша артықшылықтары, кәсіподақтардың еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысу құқығы туралы айтып өтті.

2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғаннан кейін және еңбек дауларын медиация жолымен шешу, еңбек дауларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығы ашылды.