Теміржол көлігі саласының қызметкерлері шахматтан бақ сынасты

2021 жылғы 10 қарашада “Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Павлодар филиалы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахматтан турнир ұйымдастырды.

Шахмат турниріне Екібастұз локомотив депосының, Екібастұз сигнал беру және байланыс дистанциясының, Екібастұз пайдалану вагон депосының және Екібастұз жол дистанциясының қызметкерлері қатысты.

Блиц режиміндегі ойын 9 турда өткізілді. Бас жүлдені ЩЧ-25 жұмысшысы Ерлан Жандикеев алды. Екінші орынды ТЧЭ-19 машинисінің көмекшісі Игорь Захарченко иеленді. Үшінші орынды турнирдің ең жас қатысушысы, машинист көмекшісі Шыңғысхан Әбілқайыров иеленді. Турнирдің барлық жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шахмат турниріне қатысушылар спорттық жеңістерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.