Тәуелсіздік тұғыры биік!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әйтеке би аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес кәсіподақ ұйымының демеушілігімен мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен әдіскерлер арасында «Тәуелсіздік тұғырым биіктеуде» тақырыбында аудандық байқау өткізілді. Шараға 16 мектепке дейінгі ұйым қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды.

Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар мен жүлдегерлерді аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов және әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Сейітпанова мерекемен құттықтап, алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.