“Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик” республикалық байқауының қорытындысы бойынша Павлодар облысы Шарбақты ауданының Шалдай бастауыш кәсіподақ ұйымы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хатымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік – ел тұғыры” атты Алматы қаласында өткен салтанатты іс-шараға бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, бейнероликтің авторы Үміт Қайдағұлова қатысты.
Видеоконкурстың мақсаты қызметкерлердің құқықтарын қорғауда кәсіподақтың рөлін арттыру, кәсіподақ мүшелігін ынталандыру, педагог мәртебесін арттыру, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының кәсіподақ ұйымдарының оң имиджін қалыптастыру болып табылады.
“Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына еңбегімізді бағалағаны үшін зор алғысымды білдіремін”, – деп алғысын білдірді Үміт Қайдағұлова.